logo

Мекеменің толық атауы:

Алматы қаласы Білім басқармасының « Алматы қаласы Алатау ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. (бұдан әрі-Алматы қаласы Алатау ауданының ППТК) 2016 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді.

Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 12 ақпандағы № 1/105 қаулысына сәйкес қайта құрылып, 2021 жылдың маусым айының 01-нен бастап жұмыс істеуде. Мөрі, мөртабаны және заңды тұлға мәртебесі бар.

Материалдық-техникалық база: Алатау ауданының ППТК екі ғимаратта орналасқан:

- бірінші ғимарат Алатау ауданының №1 Оқушылар үйінде орналасқан, ауданы - 350 ш.м. бірінші қабатта жалпы ғимараттың жеке кіреберісі бар.

Бұл мекен жайда 8 кабинет бар: дефектолог-мұғалім, логопед-мұғалім 2, педагог - психолог 1, ЕДШ залы ритмикамен біріктірілген, сенсорлық бөлме, Монтессори, әдістемелік кабинет.

- екінші ғимарат желтоқсан айынан Нұркент ықшам ауданы 14 А мекен-жайындағы Алатау ауданының «Инновациялық технологиялар орталығы» ғимаратының бірінші қабатта орналасқан қосымша  ППТК-ның 3 кабинеті (логопед, психолог және ЕДШ залы) ашылды, жеке кіреберісімен.

Директор

Рысбекова Айнур

 

Жұмыс уақыты

Сағат:09.00-18.00 бес күндік жұмыс аптасы.

Демалыс күндер: сенбі, жексенбі,мереке күндер.

 

ППТК негізгі қызметі:

1. Кеңес беру;

2. Арнайы түзетуші шағын топтық және жеке дамытушы бағдарламаларды іске асырады;

3. 0-ден 18 жасқа дейінгі ерекше білім беруге  қажеттілігі бар балаларға психологиялық - педагогикалық түзету көмегін көрсетеді.

ППТК-ті 0-ден 18 жасқа дейінгі ерекше білім алуды қажет ететін балаларды оқытуға, дене және психикалық өзге де қабілеттерінің орнын толтыру немесе оларды  қалпына келтіруге, әлеуметтік құқықтарын іске асыруға, әлеуметтік бейімделуіне  бағытталған түзету-педагогикалық ықпалдың барлық кешенін жүзеге асырады.